Украина Беларусьті Ресей жағына шабуыл жасады деп айыптады
Фото: REUTERS / Ukrainian Presidential Press Service
Украина Беларусьті Ресей жағына шабуыл жасады деп айыптап отыр.
«Сағат 05:00 шамасында Ресей мен Беларусь аймағындағы Украинаның мемлекеттік шекарасына Беларусьтің қолдауымен ресейлік әскерлер шабуыл жасады. Шекара бөлімшелеріне, шекаралық техника мен бақылау бекеттеріне шабуыл артиллерия, ауыр техника және атыс қаруын қолдану арқылы жүзеге асты. Бұл Луганск, Сумы, Харьков, Чернигов және Житомир облыстарының аумақтарында болып жатыр» делінген Украина шекара қызметінің бейсенбі күні таратқан хабарламасында.
Сонымен қатар, украиндық әскерилердің айтуынша, шабуыл Қырым аумағынан жасалған.
«Жаудың диверсиялық-барлау топтарының жұмысы да тіркелді. Шекаралас аймақтардағы жағдайға байланысты шекарашылар Украина қарулы күштерімен және Украина Ұлттық гвардиясымен бірлесе отырып, жауға оқ жаудырады. Шекарашылардың жарақат алғаны туралы ақпарат нақтыланып жатыр» делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинада арнайы әскери операция жүргізу, сол арқылы оған соғыс жариялау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген. Украинаға басып кіру оның ресейлік теледидарда сөйлеген сөзі аяқталмай тұрып басталды. Шабуыл теңізден, құрлықтан және әуеден жүзеге асырылды. Украинада әскери жағдай енгізілді. Қазақстанда Украинадағы соғысқа байланысты әуе жолаушыларына сенім телефоны іске қосылды. Сонымен қатар, қазақстандық әуе компанияларына Украинаның үстінен ұшуға тыйым салынды. Сондай-ақ Ресей Украинамен шекаралас қарулы қақтығыстар аймағындағы барлық елдерге әуе кеңістігін жабуды ұсынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық