Украина Қарулы Күштері Бас штабының қысқаша мәліметі
Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы 16 наурыз, сәрсенбіге қараған түні жарияланған негізгі есебінде Ресей 20 күндік соғыста басқыншылық күштерінің жартысына жуығын жоғалтқанын мәлімдеді.
«2022 жылғы 15 наурыздағы жағдай бойынша жау «Украина аумағында» деп аталатын операцияға қатысқан бөлімшелерінің 40 пайызына дейін жоғалтты (толық жойылды немесе жауынгерлік қабілетінен айрылды» деп жазады Украина Бас штабы.
Сондай-ақ, украиналық әскерилер Ресейдің барлық бағыттағы шабуылы бәсеңдеп, Мариупольдегі жағдай украиналық тарап үшін ең қиыны болып тұрғандығын мәлімдеді.
Бас штабтың ақпаратына сәйкес, Ресей әскери басшылығы Ресей Федерациясы аумағындағы жоғары әскери оқу орындарының курсанттарын Украинаға қарсы әскери операцияларға қатыстыра отырып, мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдаған.
«Нақты сандар, әсіресе үкімет бақылайтын аумақтарда әлдеқайда көп, өйткені мұндай оқиғалар орын алған жерлерден алынған көптеген хабарламалар әлі де қосымша растауды қажет етеді, ал кейбір жерлерде шайқас жалғасып жатқандықтан ақпарат кешіктіріледі» делінген хабарламада.
Украина арналары соңғы минуттарда бүкіл елде дерлік Полтавадан Львовқа және Киевтен Одессаға дейін әуе ескертуі жарияланғанын жеткізді.
Украинаның батысындағы Львов қаласында осы уақытқа дейін соғыстың ауыртпалығынан құтылған қалалардың өзінде әуе дабылдары қағылып жатыр, бұл бейбіт тұрғындардың әуе шабуылдары кезінде жер асты бункерлерін паналауы керек екенін ескертеді.
Мухаммед Әміржан
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық