«ҰҚК майорының» қоңырауынан кейін әйел алаяқтарға 30 миллион аударған
Фото: gov.kz
Павлодар тұрғыны «ҰҚК майорының» қоңырауынан кейін алаяқтардың шотына аударған 30 миллион теңгесін жоқтап жүр.
«Террористермен байланысы бар деген күдікті» өз депозитіндегі ақшаны алаяқтарға беріп, тағы бір бөлігін несиеге алған.
Әйелге өз басшысынан террористтердің аккаунттарына ақша аударуға қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитетіне шақыртылғаны туралы WhatsApp хабарламасы келген.
«Кейінірек оған «ұлттық қауіпсіздік майоры» телефон соғып, оның атына есепшот ашылғанын және бұрын сотталған және іздеуде жүрген азаматтың атына 1,5 миллион теңге аударылғанын хабарлады», - деді Павлодар облыстық полиция басқармасы басшысының орынбасары Болат Нұрсейітов.
Полицейдің айтуынша, жәбірленуші шоттарын қорғау үшін «Ұлттық банк қызметкерінің» айтқанын істеген.
«Ұлттық банк қызметкерінің» нұсқауы бойынша банкке барып, депозиттік шотынан 5 миллион теңгеден астам ақшаны аударып, осыған ұқсас бірнеше аударым жасаған. Артынша алданып қалғанын түсініп, полицияға хабарласқан», - деп түсіндірді Нұрсейітов.
Ол тергеу барысында атына ақша аударылған тұлғалардың оған қатысты емес екенін көрсеткен.
Павлодар облысының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға шақырып, күдікті телефон қоңыраулары мен хабарламаларды, әсіресе әлеуметтік желілер арқылы түскен хабарламалар туралы дереу полицияға хабарлауды ұсынды.
Жаңалықтар
- Көпжылдық сенім қылмысқа ұласты: Жетісу тұрғынының 46 млн теңгеге бағаланған малы ұрланды
- Маңғыстау даласын қоқыс жапты: Аймақ даулы бейнежазбадан кейін тазартылды
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген