ҰҚК Қазақстанның үш қаласында радикалды діни топ мүшелерін ұстады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның үш қаласында радикалды діни топты залалсыздандырды.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2023 жылғы 15 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның келісуімен сотқа дейінгі тергеу шаралары аясында Астана, Атырау және Жезқазған қалаларында радикалды діни топтарды залалсыздандырды» делінген хабарламада.
Терроризмді насихаттады, сондай-ақ экстремистік топ құрды, оған жетекшілік етті және оның қызметіне қатысты деген күдікпен 12 адам ұсталды.
Тергеушілердің айтуынша, олар Қазақстандағы зайырлы жүйені құлату мақсатын көздеген. Ол үшін экстремистік идеологияны таратып, жаңа жақтастарын жинады. Олардың үйлерінен тыйым салынған әдебиеттер мен басқа да заттай айғақтар тәркіленді.
«Топтың бірқатар мүшелері ауыр қылмыс, соның ішінде полиция қызметкерін өлтіру, тонау, ұрлық және зорлау сияқты қылмыстарды жасағаны үшін сотталған» деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық