ҰҚК: Былтыр сыбайлас жемқорлық бойынша мыңнан астам қылмыстық іс қозғалды

cover Фото: freepik.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz. 

ҰҚК дерегінше, 2025 жылы 895 адамның заңсыз әрекетінің жолы кесілген. 1 052 қылмыстық іс қозғалып, 969-ына қатысты тергеу аяқталған. Оның 860-ы сотқа жолданды.

«Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын ұрлау сияқты қылмыстарға қатысты», деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі. 

Ел бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарылдып, құны 3,3 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 61 адамға 24,2 млн теңге сомасында сыйақы берілген.

Айта кетейік, Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнәр Досаева күйеуінен 165 есе көп табыс тапқан. Бұл деректер президент әкімшілігі қызметкерлерінің 2024 жылға арналған кіріс декларациясында көрсетілген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар