Елімізде 2026 жылы тұрғын үй бағасы қалай құбылды
Фото: freepik.com
Қаңтар айындағы тұрғын үй нарығы жыл басталмай жатып-ақ халықтың табысына сай келмейтін бағаға көтеріліп кетті. Құрылыс компаниялары сатып алушыларды салық реформаларымен қорқытса, шенеуніктер керісінше пікір білдіріп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2026 жылғы қаңтарға қарай бастапқы тұрғын үй нарығындағы баға бір жылда 15,5%-ға, қайталама нарықта 14,3%-ға өсті, ал жалдау құны 11,9%-ға қымбаттаған. Әсіресе, Астана мен Алматыда жағдай ушығып барады. Қараша айында бұл қалаларда соңғы 22 айдағы ең күрт баға өсімі байқалды.
Бағаның күрт өсуіне негізгі түрткі ретінде сарапшылар қауымдастығы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығының (ҚҚС) өскенін атап отыр. Көптеген құрылыс компаниялары фискалдық өзгерістерге дайындықты алға тартып, баға тізімдерін қайта қараған. Мамандардың басым бөлігі бұл әрекет әдейі жасалған деп санайды.
Алайда QZ Economy. Tалдау Telegram-арнасының сарапшылары дүрбелеңге берілмеуге шақырады. Олар маңызды құқықтық жайтқа назар аударып отыр. ҚҚС тек құрылысы биылғы жылы басталған нысандарға ғана қолданылады. Мысалы, 2026 жылы тұрғын үй сататын компания, егер тұрғын үй құрылысы 2025 жылы немесе одан бұрын басталса, ҚҚС есептеуге міндетті емес.
Ұлттық экономика министрлігі бағаның көтерілгегін «салыққа жаба салуға» үзілді-кесілді қарсы. Бірінші вице-министр Азамат Әмрин реформаның қазіргі нарықтық үрдістерге қатысы жоқ екенін нақты айтты
«Сатылатын пәтерлерге ҚҚС тек 2027–2028 жылдардан бастап қана қолданыла бастайды. Сондықтан бағаның өсіп кеткеніне ҚҚС-тың қатысы жоқ» — деді ол.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың 11 айында пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі шамамен 17 млн шаршы метр болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға көп. Оның басым бөлігі (шамамен 11 млн шаршы метр) көппәтерлі үйлерге тиесілі.
Нарықтағы тұрақсыздыққа қарамастан, сарапшылар тұрғын үйді «ақылға қонымды шарттармен» сатып алудың басты құралы — мемлекеттік бағдарламалар екенін айтуда. 2026 жылы сұраныста болған бағдарламалар:
- «7-20-25» — жылдық 7% мөлшерлемемен ипотека;
- «Наурыз» — кезекте тұрған азаматтарға арналған, 7% немесе 9% мөлшерлемемен;
- «Наурыз жұмыскер» — нақты сектор қызметкерлерін 9% мөлшерлемемен қолдау.
«Отбасы банк» — нарықтан төмен пайыздық мөлшерлемемен пәтер алуға арналған жинақ жүйесі.
Айта кетейік, бүгін, 8 қаңтарда Air Astana әуе компаниясының KC210 рейсі Сеул – Астана бағытымен ұшып бара жатқан кезде техникалық ақауға байланысты Бейжің әуежайына қонуға мәжбүр болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық