Уэльспен өтетін матчқа қатысатын Қазақстан құрамасының бастапқы құрамы белгілі болды
Football365.com сайты 2026 жылғы футбол бойынша әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Уэльспен өтетін матчқа Қазақстан құрамасының бастапқы болжамды құрамы қандай болатынын жарялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Дереккөздің болжамынша, Әли Әлиев алғашқы минуттардан бастап келесі футболшыларды алаңға шығарады: Покатилов - Астанов, Қасым, Әліп, Вороговский - Чесноков, Тапалов, Тағыберген, Самородов - Жақсылықов, Айымбетов. Бұған дейін Әлібек Қасым жарақат алғандықтан алдағы матчқа қатыспайтыны белгілі болған.
Уэльс - Қазақстан матчы 22-23 наурызға қараған түні Кардиффте өтеді. Еске салайық, Әлем чемпионаты – 2026-ге іріктеуге дайындық аясында Қазақстан құрамасы үш бақылау матчын өткізді: өзбекстандық «Локомотивпен» тең ойын (1:1), Солтүстік Корея құрамасынан жеңіліп қалды (0:2) және Кюрасао құрамасын жеңді (2:0).
20 наурызда Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионаты – 2026-ге іріктеудің алғашқы матчына аттанғаны хабарланды.
Уэльс - Қазақстан матчының тікелей көрсетілімін «Qazsport» телеарнасы ұйымдастырады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық