Уханьдағы ДДСҰ миссиясы мүшесі: Қытай коронавируc туралы барлық мәліметтерді бермеді
Қытай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандарына коронавирустың пайда болуы туралы негізгі ақпаратты беруден бас тартуда. Covid-19 тудыратын коронавирус алғаш рет 2019 жылы табылған Ухань қаласына аттанған халықаралық зерттеу миссиясы қатысушыларының бірі, австралиялық микробиолог Доминик Двайер бұл туралы Reuters, New York Times және Wall Street Journal тілшілеріне берген сұхбатында хабарлады.
Ғалымның айтуынша, ДДСҰ сарапшылары Қытайға зерттеу жүргізу үшін келгенде, Қытай билігі оларға стандартты тәжрибеге жататын - алғашқы пациенттер туралы бастапқы деректерді көрсетпеген. Оның орнына ғалымдар сұралған деректердің қысқаша мазмұнын ғана алған.
Қытай үкіметі ғалымның пікіріне әлі түсініктеме берген жоқ. Алайда арнайы іссапармен келген ДДСҰ тобына Қытай Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан толық қолдау көрсетіліп жатыр деп сендіреді. АҚШ шенеуніктері ДДСҰ есебі оларды қатты алаңдататынын айтып, Қытайды сарапшыларға Covid-19 пайда болуының алғашқы кезеңдері туралы қажетті ақпаратты беруге шақырды.
ДДСҰ мамандары Қытайға қаңтардың соңында ұшып барып, сонда төрт апта болды, оның алғашқы екі аптасын карантинде өткізді. Өткен аптада ДДСҰ тобы тергеудің алғашқы нәтижелерімен бөлісті. Атап айтқанда, олар коронавирустың зертханада жасалуы туралы ақпаратты растайтын айғақтар аз деді.
«Іссапар барысы туралы есеп келесі аптаның өзінде-ақ пайда болуы мүмкін және онда алғашқы жағдайлар туралы толық мәлімет ала-алмағандығымызды көрсетеміз», деді профессор Двайер.
2019 жылдың соңында Уханьда коронавирус табылғаннан бастап, бүкіл әлемде оның салдарынан 106 миллионнан астам Covid-19 оқиғасы тіркелген. Осы диагнозбен 2,3 миллионнан астам адам қайтыс болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық