«Үздік YouTube арнасы» мен «Үздік подкаст» үшін марапат беріледі
Еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Astana Media Week, New Media Forum және «Үркер» телевизиялық сыйлығын біріктіруді, сондай-ақ оған екі жаңа номинацияны қосуды жоспарлап отыр.
Мұндай жаңалықтарды кеше Қонаев қаласында Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен өткен І Халықаралық БАҚ және туризм форумында ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлімдеді.
«Қыркүйек айында біз Astana Media Week, New Media Forum және Urker TV сыйлығын біріктіруді жоспарлап отырмыз. Биыл Үркер ұлттық марапатында екі жаңа номинацияны қосамыз, ол: «Үздік youtube арнасы» және «Үздік подкаст». Бұл саланың дамуына серпін беріп, түркі әлемін жақындастырады деп ойлаймыз», - деді министр.
ТМД елдері арасында алғаш рет қабылданған «Онлайн платформалар және интернет-жарнама туралы» заң жасанды интеллект қажеттілігін реттеп, бұл саладағы олқылықтардың орнын толтыратынын айтты. Қыдырәлі Қазақстанда шығармашылық индустрияны дамыту бағытында да біршама жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Еске салсақ, Астанада биыл күзде Astana Media Week, New Media форумдары, сондай-ақ баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы Ұлттық «Үркер-2023» сыйлығы жеңімпаздары анықталады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық