Үкімет жүк көліктері үшін ақылы жолдар ашады
Үкімет жүк көліктері үшін ақылы жолдар туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды үкіметтің Telegram арнасы.
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет I кезең учаскелерінде жүк көліктерінен ақы алу жүйесін енгізу жұмысын жалғастыру туралы шешім қабылдады.
Бұл бірінші кезекте Қазақстан аумағынан өтетін транзиттік көлікке әсер ететіні хабарланды.
«І кезең аясында ұзындығы 5,5 мың шақырымды құрайтын жолдарда бейнебақылау камераларымен, байланыс антенналарымен және басқа да құрылғылармен жабдықталған 100-ге жуық бақылау аркалары орнатылды. Бұл жол қозғалысын күтіп ұстауға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және байланысты инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді» делінген хабарламада.
Жиында мемлекеттік бюджетке түсетін салмақты азайту және республикалық маңызы бар жолдардың сапасын арттыру мақсатында көлік қозғалысы көп бірқатар тас жолдарға ақылы енгізу жобасы жүзеге асырылып жатқаны айтылды.
Үкімет басшысы жол желісін жаңғырту кезінде бейнебақылауды күшейтуге, жүргізушілер мен жолаушылар қауіпсіздігін арттыруға ерекше назар аудару керектігін қадап айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық