Үкімет отставкаға кетеді — Әлихан Смайылов
Сурет: Orda.kz
Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлімдеді
Астанадағы №111 сайлау учаскесінде Премьер-министр Әлихан Смайылов пен мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды Orda.kz
— Конституцияға сәйкес үкімет отставкаға кетеді. Біз отставкаға кетеміз және жаңа Үкімет жасақталғанша өз міндетімізді атқарамыз. Жаңа премьер-министрдің кім болатынын президент пен жаңа Парламент Мәжілісі шешеді, - деді Әлихан Смайылов.
Ол өткен жылы өте қиын жағдайда Үкімет экономиканың нақты өсімін 3,2%-ға қамтамасыз ете алғанын, ШОБ-те жұмыспен қамтылғандар саны 9,3%-ға, ШОБ субъектілерінің саны 20%-ға өскенін қосты.
— Барлық сайлау маңызды, өйткені сайлаушылар шешім қабылдау процесіне қатысу және оларға әсер ету мүмкіндігін алады. Ағымдағы сайлаудың маңызы зор, себебі ол жаңа ережелер бойынша өтеді. Біздің Парламент жаңа ереже, жаңа нормалар бойынша жай ғана сайланбайды. Біздің Парламент жаңа, әртүрлі өкілеттіктермен сайланады, - деді Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.
Ол бұл сайлаудың алғы шарттары Президенттің өткен жылғы наурыздағы жолдауында, оның реформалар бағдарламасында белгіленгенін еске салды.

Қариннің пікірінше, бұл сайлау жоспарланған реформаларды одан әрі жүзеге асыру үшін жағдай жасауы керек, өйткені бұл сайлау нәтижесінде қоғамдық-саяси өріс кеңейеді деп күтілуде.
— Парламентте жаңа тұлғалар пайда болады. Мұның барлығы қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға, өкілдік пен қоғамдық-саяси мүдделерді кеңейтуге ықпал етуі тиіс. Депутат болғысы келетіндер неге көп? Бұл, ең алдымен, реформалардың қоғамда үн қосып, қолдау тапқанын көрсетеді. Бүгінгі таңда бір мандатты округтер бойынша сайлауға түскен, сондай-ақ түрлі саяси партиялардың үгіт-насихат жұмыстарына қатысқан азаматтардың көптігі президент реформаларының қоғамда үлкен қызығушылық пен қолдау тудырғанын және бұл реформалардың біраз үміт оятатынын көрсетеді. Бұл сайлау реформаларға тағы бір серпін береді деп сенемін, - деп түсіндірді Қарин.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров бұл парламенттің төменгі палатасы мен жергілікті өкілді органдарға сайлау сегізінші рет өтіп жатқанын айтқан болатын.
Оның айтуынша, науқан 60 күнге созылды. Ұсынуға 20 күн, кандидаттарды тіркеуге 30 күн, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге 4 апта, 18 наурыз - үнсіздік күні, 19 - дауыс беру күні қарастырылған.
Наурыздың 6-сы күні Orda.kz сайты сайлаудың қалай өтетінін және қалай дауыс беру керектігін түсіндірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық