Қудалауға ұшырағандар үшін «Қаңтар» орталығы құрылды
Қазақстанның барлық аймақтарында қайғылы қаңтар оқиғасының құрбандары мен зардап шеккендерге көмектесетін «Қаңтар» құқықтық қолдау орталығы құрылып жатыр. Орталық мамандары қаңтардағы оқиға туралы келіп түскен ақпараттарды жүйелейтін болады.
«Қаңтар» құқықтық қолдау орталығының қызметтері:
- азаматтар мен кез-келген қоғамдық ұйымдардан келіп түскен қаңтар оқиғасы
салдарынан қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендер туралы ақпаратты жүйелеуге
септеседі; - қаза болғандардың туыстарына, бейбіт наразылық шерулеріне қатысқаны үшін
қудалау нәтижесінде қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылғандарға, азаптау мен
басқа да адам құқықтарын бұзу салдарынан зардап шеккендерге білікті заңгерлік көмек
беру шарасын ұйымдастыруға септеседі.
Байланыс телефондары:
+7-777-036-9222;
+7-777-036-9555
Қаңтар …
Қазақстанда алғашында халықтық бейбіт толқу ретінде басталып, соңы әлдебір арандатушы-бүлікші топтың араласуымен дүрбелең-топалаңға, атысқа ұласқан қаңтар айының басындағы оқиғаларда мыңдаған адам зардап шегіп, бірнеше жүздеген адам опат болды. Ақорда мұны «сырттан ұйымдасқан террорлық басқыншылық», «билікті басып алу» деп атады. Десе де көптеген халықаралық және отандық сарапшылар «билік кландары арасындағы астыртын тартыс» деп бағалап үлгерді.
Одан бері әлеуметтік желілерде бейбіт наразылардың, тіпті еш қатысы жоқ азамттардың күштік құрылымдар тарапынан қатты қысым көріп, заңсыз қудаланып жатқаны туралы ақпарат көп таралып жатыр. Халықаралық қауымдастық билікті әділ тергеуге және адам құқықтарын қалтқысыз сақтауға шақырып келеді. Қазір Маңғыстау жұрты тәрізді президент Тоқаевтан «республика көлеміндегі қудалауды тоқтатуды» талап еткендер күн санап артып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық