ҰБТ-да талапкерлердің 77 пайызы шекті балл жинады
Фото: Айқын
Ғылым және жоғары білім министрлігі ҰБТ-ның аралық нәтижелерін жариялады. Алматы облысынан келген талапкер ең жоғары 140 балл жинады, - деп хабарлайды Orda.kz министрлікке сілтеме жасап.
Негізгі ҰБТ басталғалы 264 мың рет тестілеу өткізілді. Оның ішінде талапкерлердің 75 пайызы қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде емтихан тапсырған. 197 адам ағылшын тілін таңдады.
ҰБТ басталғалы бері талапкерлердің 77 пайызы шекті балл жинаған. Орташа балл 69 болды.
«ҰБТ-ның алтыншы аптасында Алматы облысының түлегі ең жоғары 140 балды жинады. Кеше, 27 маусымда Алматы облысының Есік қаласында талапкер ҰБТ-ны математика-информатика комбинациясы бойынша тапсырды. 5 адам 138 балл жинады. ҰБТ қорытындысы бойынша соңғы рет 2021 жылы Павлодар облысынан, 2018 жылы Алматы қаласынан келген талапкер 140 балл жинағанын еске саламыз» делінген хабарламада.
Ең жоғары балл жинаған – Алматы облысы Талғар ауданы Қарабұлақ ауылының №22 орта мектебінің түлегі Жаннұр Еңсебек болды.
Ерекше білім беруді қажет ететін талапкерлерге қолайлы жағдай жасалғанның арқасында алты апта ішінде осындай 620 талапкер ҰБТ-ға қатысты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық