Әубәкіровке Қызылорда облысының құрметті азаматы атағы берілді
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Қызылорда облысының құрметті азаматы атанды.
Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Ерлан Райғаниев Тоқтар Әубәкіровке, Нариман Қыпшақбаевқа және Мұрат Бақтиярұлына Қызылорда облысының құрметті азаматы атағын беруді ұсынды.
Еске салайық, Тоқтар Әубәкіров – қазақтың тұңғыш ғарышкері. Қазақстан Әскери-әуе күштерінің генерал-майоры. Қызылорда облысынан Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Қазақстанның Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, КСРО-ның еңбек сіңірген ұшқышы.
– Айта кетейік, Әубәкіровке Қызылорда облысының құрметті тұрғыны атағын беру үшін халық қалаулылары жүз пайыз дауыс берді, - деп хабарлады облыс әкімдігінде.
Нариман Қыпшақбаев - бұрынғы Қазақ КСР Мелиорация және су шаруашылығы министрі. Мұрат Бақтиярұлы – ҚР Парламенті Сенатының депутаты. Екеуі де Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін көптеген маңызды істер атқарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық