Уақыт белдеуінің өзгеруі қазақстандықтардың денсаулығына қалай әсер етеді?
Instagram: Kartahana
Астанада өтіп жатқан екі министрліктің кеңейтілген отырысында журналистер жаңа денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға осы сұрақты қойған. Жаңа министр бұл шешімді орынды деп есептейді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Еске сала кетейік, 19 қаңтарда үкімет Қазақстанның барлық аумағында UTC+5 уақыт белдеуін енгізу туралы қаулыны бекітті.
Министрдің айтуынша бұл жағдай халыққа оң әсерін тигізеді.
«Адамдардың ғасырлар бойы қалыптасқан биологиялық сағаты бар. Сол биологиялық сағат пен әкімшілік сағат екеуін теңестіруге барлық мемлекеттер бара бермейді. Себебі бұл азаматтардың денсаулығына пайдалы әсері болғанымен, экономикалық тұрғыда кейбір жерде кедергі келтіруі мүмкін. Бірақ мемлекетіміздің осы сұрақты шешудегі ең басты мақсаты – халықтың денсаулығын жақсарту. Мемлекеттің бұл шешімі өте орынды деп есептеймін», – дейді ол.
Құжатқа сәйкес, елде уақытты есептеу сағат белдеулерінің халықаралық жүйесі бойынша жүргізілетін болады. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеу қолданылады. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауысады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық