Мал қырғыны Жамбыл облысына да жетті
Жамбылдық шаруаларға мал азығын жинау мұңға айналған. Себебі биыл өңірде жаңбыр жаумай, шөп жылдағыдай шықпай қалған. Шөп іздеп сандалған шаруалар шығынға ұшырағандарын да жеткізді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
‒ Биыл жаңбыр болған жоқ. Жел болды. Жердің бәрі кеуіп кетті. Шөп жоқ. Мойынқұм жақта жайылма жерлер бар. Солардан қалғандарын орамыз. Шөп іздеп жатыр. Жан-жақтан алып жатыр, ‒ деді шаруа Бағдатбек Асқаров «Алматы» телеарнасына берген сұхбатында.
Бірнеше ауданның шаруалары шығынға ұшырап отыр. Олар көрші облыстардан үш есе қымбат мал азығын сатып алуға мәжбүр.
‒ Дизель отынының бағасы 200 теңгеден кем емес. Жұмысшыларға да жалақы төлеу қажет. Олар қазір кемінде 200 мыңға жұмыс істейді. Сонымен қатар, шөпке қатысты мәселелер бар, - деді шаруа Шаймерден Исабеков.
Мойынқұм ауданында барлығы 24 мың гектар шабындық бар, оның жартысы күн астында, сусыз, жаңбырсыз кеуіп қалған. Енді малшылар мал азығын іздеуге мәжбүр. Өңірде 200 мыңға жуық ірі қара бар, қысқа 132 мың тонна шөп дайындалуы керек. Бірақ биыл бұл межеге жету мүмкін болмайды. Әкімдік те жағдайдың ауыр екенін растады.
‒ Ең алдымен, ауылшаруашылық қызметінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру қажет. Біз комиссиямен барып, мәселені тексереміз. Қаншалықты қажет екенін зерттейтін боламыз, - дейді Мойынқұм ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Қызыр Елеусізов.
Жалпы, облыстың жемге деген қажеттілігі 1,7 миллион тонна болады. Бүгінгі күні оның 350 мың тоннасы ғана жиналды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық