ТЖМ-нің бұрынғы вице-министріне үкім шықты
Фото: gov.kz
Ақмола гарнизонының әскери соты төтенше жағдайлар жөніндегі бұрынғы бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевқа қатысты үкімді жариялады.
Бұл туралы агенттікте өткен брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бегайдаров мәлімдеді.
Күлшімбаев қарамағындағыларды жеке үйін салуға мәжбүрлеп, сол арқылы өз өкілетін асыра пайдаланды.
«Ол өзінің жеке үйін салу үшін әскери қызметшілер мен арнайы техниканы тартуға қатысты ТЖМ ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылығына заңсыз нұсқаулар беру арқылы билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды» деп түсіндірді агенттік.
Сот үкімі бойынша ол бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ Күлшімбаевқа мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынады.
Үкім әлі күшіне енбеді. Сот Күлшімбаевты генерал-майор атағынан айыру туралы президенттің атына ұсыныс енгізуге қаулы етті.
Айта кетелік, 2023 жылдың тамызында Ибрагим Күлшімбаев 2020 жылдан бері атқарып келе жатқан вице-министр қызметінен босатылды. Ол Қарағанды облысының тумасы. 1996 жылдан бастап қорғаныс министрлігінің құрылымдарында, ТЖМ органдарында жұмыс істеді. Астана және Қарағанды облысының ТЖД басқарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық