ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны туралы есеп берді

cover Фото: Азаттық рухы

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстандағы су тасқыны туралы өзекті есеп берді.

«Республикалық штабтың бақылауында 7 облыс бар, олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары» делінген хабарламада.


30 наурыз сағат 12.00-ге дейінгі қорытынды бойынша:

• Құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Ұлттық ұланның 6 мыңнан астам адамы, 3000 техникасы мен 12 ұшағы жұмылдырылған.

• 7783 адам, оның ішінде 2800 бала құтқарылды және эвакуацияланды.

• 3131 адам, оның ішінде 1093 бала уақытша орналастыру орталықтарында.

• 644 адам, оның ішінде 236 бала Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Ұлттық ұланның ұшақтарымен құтқарылды.

• Қажетті учаскелерге 300 мыңнан астам қап пен 45 тонна инертті материал төселді.

• 3,5 млн м3 астам қызыл су сорылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар