ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов елдегі су тасқыны жағдайына байланысты видеоүндеу жасады

cover Фото: ТЖМ видеосынан кадр

Қазақстанда су тасқыны жағдайы шиеленісіп тұр. Әр қала мен елді мекендерден үйлерді, аулаларды және көшелерді су басып жатқаны туралы хабарламалар түсті.

Адамдар жүкшығыр арқылы тікұшаққа көтерілді. Эвакуация жүргізілді.


«Құрметті еліміздің тұрғындары! Су тасқыны кезеңі менің жеке бақылауымда. Кешеден бері Арқалық қаласына жақын орналасқан қыстаулардан халықты көшіру жалғасуда. Жұмысқа Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қорғаныс министрлігінің техникалары жұмылдырылды»,- деді ТЖМ басшысы Әрінов видео хабарламада.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар