ҚТЖ Қытайға жүк тасымалдауға уақытша тыйым салды
Жүк жөнелтушілер бастамасымен ҚХР-ға жүк қабылдауға уақытша тыйым салынады, деп хабарлады ҚТЖ.
Қытаймен шекаралас станциялардағы жағдай күрделі. Ковидке қарсы қатаң шектеу шараларға қатысты көрші ел жүк тиелген вагондарды қабылдамай жатыр. Жолда қалған пойыздар саны күннен күнге өсуде, бұл Қазақстанның магистральдық желісінің өткізу қабілетіне кері әсерін тигізеді.
Қазіргі кезде тастап кетілген 12 мың жүк вагоны қозғалыстан қалып отыр. Теміржол әкімшілігі бұл мәселені шешу барысында бірнеше рет шара қабылдады. Дегенмен қытай тарабы қол қойылған және халықаралық келісімдерді ескермеуде.
– Нәтижесінде вагон иелері мен экспорттаушылар ұзақ уақыт тұрып қалу салдарынан экспорттық шарттарын орындай алмай, шығынға батуда. Биылғы 26 ақпанындағы жағдай бойынша астық тиелген 250-ге жуық жабық вагондар қайта жөнелтіліп, бастапқы тиеу станцияларына қайтарылды, өзге экспорттаушылардан өтінімдер келіп түсуде, оларды «ҚТЖ-ЖТ» қызметкерлері жедел өңдеуге тырысуда, делінген таратылған ақпаратта.
Салалық қауымдастықтардың, соның ішінде ҚазТОҚ, Астық одағы және т. б. өтініші бойынша «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Достық станциясы бағытына, одан әрі ҚХР-ға жүк тасымалдауға:
– 1 наурыздан 31-не дейін-жүк транзитіне;
– 1-15 наурыз аралығында контейнерлердегі жүктерден басқа барлық жүктерге;
- 2021 жылғы наурыздың 1-і мен 20-сы аралығында жабық вагондар мен астық тасығыштардағы барлық астық жүктеріне тыйым салуға мәжбүр болды.
– Тыйым салу кезінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қытайлық тарапқа тастап кетілген пойыздар мен астық тасығыштарды беруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ астық тиелген жабық вагондарды беру бойынша шаралар қабылданатын болады. Бір апта бойына тыйым салуды енгізу туралы мәселе «Атамекен» ҚР ҰКП, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ҚР ИИДМ) алаңдарында жүк жөнелтушілермен, экспорттаушылармен талқыланды. Аталған шараларға бизнес бастамашы болды, делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық