Түтін тұмшалаған Алматы — Қанат Бейсекеевтің жаңа фильмі
Фото: Orda.kz
Алматының үстін тұмшалап жатқан түтін мәселесіне арналған жаңа деректі фильмнің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Фильмнің тұсаукесерін фильм режиссері Қанат Бейсекеев және Indrive негізін қалаушы Арсен Томский ұсынды. Қанаттың айтуы бойынша, фильм түсіруге Томскийдің хабарламасы түрткі болған. Айта кетейік, кәсіпкер 2023 жылдың сәуірінде Ресейден көшіп келіп, Қазақстан азаматтығын алды.

«Мен қаланы тұмшалаған түтін туралы фильм түсіру әлдеқайда оңай болады деп ойладым, іс жүзінде олай болмай шықты, дегенмен бұл идеяны алғанымызға өте қуаныштымын. Мұның бәрі Арсен Томскиймен хат алмасуымыздан басталды. «Түтін басқан қалада өмір сүру Сіз үшін дұрыс па?» деген сұрағы мені есеңгіретіп тастады. Фильм мен сияқты түтін тұмшалаған қалада өмір сүруге үйреніп қалғандарға арналған, бірақ бұл, әрине дұрыс емес», дейді Қанат Бейсекеев.
Түсірілім осы жылдың ақпанында басталып, 9 айдың ішінде сарапшыларды, белсенділерді, қала тұрғындарын қамтыды.
«Алматылықтардың басқа жаққа көшу туралы ойларының елеулі себептері бар. Алматы ауасымен тыныстау, жылына 487 темекі шегумен бірдей», дейді сарапшы Жұлдыз Сәулебекова.
Қаланың жоғарғы бөлігінің тұрғындары салыстырмалы түрде таза ауамен дем алса, төменгі бөлігінде жағдай әлдеқайда нашар. Бұл фильм Алматы тұрғындарына ғана арналмаған, өйткені сапасыз ауа еліміздің басқа аймақтары үшін де өзекті мәселе.

«Бізге мемлекет тарапынан ынта керек. Егер мемлекет бұл мәселені шешуге ынталанса, шешілер еді» ,- дейді сарапшы Деннис Винников.
Сарапшылардың айтуынша, мемлекет үшін басты құндылық адам болып, адамдарды бірінші сатыға қоймайынша, бұл мәселе шешілмейді.
«Мен осы қалаға жұртшылық көптеп келіп, шығармашылықпен айналысып, өмір сүрсе деген тілегім бар. Бұл менің ұстанымым. Алматыдан қашып кетпей, Алматыға көшіп келетіндей жасайық. Алматының әлемдегі ең үздік қала болуға мүмкіндігі зор», дейді режиссер.
Еске сала кетейік, Өскеменде де дәл осындай жағдай, ол жақта да халық умен тыныстап, қатерлі ісіктен ажал құшып жатыр. Лайықты өмір сүруге тиіспіз деген тұрғындар жақында митингіге шықққан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық