Түрмедегі Марат Жыланбаевтың жағдайы ауыр
Фото: инстаграм/ marat_zhylanbayev
Түрмеде жазасын өтеп жатқан марафоншы Марат Жыланбаевтың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап.
Ақмола облысы Степногорск қаласындағы абақтыда 7 жылдық жазасын өтеп жатқан Марат Жыланбаевтың жүрек соғысының күрт төмендегені белгілі болды. Бұл турлы марафоншының қызы Азия Жыланбаева мәлімдеді.
Мәліметтерге сүйенсек, Марат Жыланбаев қыздарының біріне қоңырау шалып жағдайының нашарлап тұрғанын, тамыз соғысы 42 болғанын жеткізген.
«Әкемнің аштық жариялағанына бүгін отызыншы күн. Ол тек су ішеді. Яғни, ол қайнамаған суық су ішуге мәжбүр. Әкем кінәсіз болғандықтан да күресін тоқтатпайды. Мен әділдік талап етемін. Оның түрмедегі тамақ туралы, басқа да талаптарының бәрі – заңды», – деді Азия Жыланбаева.
Бұған дейін түрмеде отырған Марат Жыланбаев өзіне қатысты шыққан үкімге наразылық ретінде 13 қарашада аштық жариялағанын хабарлаған едік.
Оппозияциялық белсенді Степногорск түрмесіндегі санитарлық жағдайдың нашарлығын, тамақтың дұрыс берілмейтінін, адвокаты мен достарына қоңырау шалуға тыйым салынғанын жиі айтып, шағымданып келеді. Ол өмірі үшін қауіп төніп тұрғанын да мәлімдеген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық