Түркістанға жаңа мәртебе берілуі мүмкін
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды
Түркістанға дүниежүзілік қолөнершілер қаласы мәртебесі берілуі мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
«World Craft Council» халықаралық ұйымының сарапшылары Түркістанға келді. Олар әлемнің түрлі елдеріндегі қолөнершілердің басын Түркістанда қосты.
Сарапшылар мен қолөнершілер 3 күн бойы Түркістан қаласы маңындағы тарихи-мәдени орындарды аралап, өңір қолөнершілері жасаған бұйымдармен танысады. Оқушылар сарайында жеткіншектердің қолынан шыққан дүниелерді көреді.
Қолөнершілер Үндістан, Түркия және Шығыс Азия елдерінен келген.
Комиссия алдағы сәуір айында Түркістанға халықаралық қолөнершілер қаласы мәртебесін беруі мүмкін. Шаһар аталған ұйымға мүше болуға былтыр өтінім берген. Бұған дейін Орта Азиядан бұл ұйымға Өзбекстаннан үш, Қырғызстаннан бір, Қазақстаннан Тараз қаласы мүше болып қабылданған. Мамандар Түркістан шеберлері жасаған керамикалық бұйымдар әсемдігімен, нақышты өрнектерімен және сапасымен ерекшеленетінін айтып жатыр.
«Бұл тізімге енудің өзіндік талаптары мен ерекшеліктері бар. Алдымен қаланың ғасырларға жалғасқан тарихы болуы керек. Екіншіден, ондағы тарихи-мәдени ескерткіштер орналасқан аумақтарға инфрақұрылымдық жүйелер тартылуы тиіс. Ең маңыздысы, жергілікті биліктің қолдауы қажет. Одан кейін ұлттық және халықаралық деңгейде танымал дәстүрлі қолөнері болуы тиіс. Түркістанда керамика жақсы дамыған екен. Біз осы бағытта тізімге қосуға тырысамыз», - деді дүниежүзілік қолөнер кеңесінің Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша сарапшысы Сохан Кумар Джа.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық