Түркістандағы мектеп оқушысы шетелдің 86 университетінен шақырту алды
Фото: Orda.kz
Арыс қаласындағы білім ордасының түлегі Айсұлтан Алтынбек биыл мектеп бітіреді. Бала күнінен IT саласына қызыққан түлек бүгінде мектебінің ғана емес, бүтін бір Түркістан облысының мақтанышына айналып отыр. Бір өзі 9 елдің 86 оқу ордасынан шақырту алды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Мені оқуға шақырып отырған университеттер қатары артуы мүмкін. Тағы 10 оқу ордасынан жауап күтіп отырмын. Әзірге АҚШ-тың 68, Түркияның 7, БАӘ-нің 4, Венгрия мен Англияның 2 және Малазия, Испания жоғары оқу орындарынан оң жауап бар. Бұл нәтижеге 10-сыныптан бастап дайындалдым», — дейді Айсұлтан.
Бір қызығы 11-сынып оқушысы ҰБТ тапсырудан бас тартқан. Халықаралық дәрежедегі емтиханнан жоғары балл жинапты. SAT-1380, Duolingo-120 балл. Бұл әлемнің ең үздік оқу ордаларына жол ашатын нәтиже дейді.
«Басқа елде, басқа ортада тұрып, білім алғым келеді. Әр түрлі мәдениетті көріп, білу қашан да қызық қой. Арманым — Венгрияда білім алу болатын. Бірақ ол жақтан шақырту келгеніне қарамастан Испания мен Малазияға баратын сияқтымын. Әзірге қайда оқитыным белгісіз. Таңдап жатырмын», — дейді Айсұлтан.
Арыс қаласындағы «БИЛ» түлегі қарапайым отбасынан шыққан. Анасы — қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болса, әкесі — фельдшер. Отбасында 7 бала. Қарындасы «НИМ» білім ордасында білім алып жатыр екен.
«Кішкентай кезімде әкем компьютерлік ерекше ойын әкелді. Онда тура біздің қазақтың тарихи бейнесі суреттелген. Сонда бала жүрегімде арман пайда болды: «Мен де қазақша, қазақтың тарихын танытатын ойын ойлап тапсам ғой» деген еді. Осы арманды жүзеге асыру үшін IT саласын таңдаған шығармын. Әрине қазір армандар көбейді, өзгерді. Әйтсе де, ойын ойлап табамын деген мақсатымнан айныған жоқпын», - дейді оқушы.
Айсұлтанның тағы бір арманы бар. Ол өзге де қазақ балалары өзі сияқты шет елдік оқу ордаларынан шақырту алсам дейді.
«Менің жолым болды. Біздің мектепте шәкірттердің көбі шет елге оқуға шақырту алады. Алдыңғы буын ағаларымнан жол сұрап, ізденіп, мен де көп таңдау жасауға мүмкіндік алдым. Өзімнен кейінгі қазақ балаларына осы жол түсінікті болу үшін қазақша сайт ашқым келеді. Ол жерде құжаттарды жинау, емтихандарға дайындалу, оқу ордаларын таңдау сияқты ақпараттар болғанын қалаймын», — дейді озат оқушы.
Айсұлтан IT-ден бөлек әдебиетке де қызығады. Күніне жарты сағатын кітап оқуға арнайтын бозбала қазір «Хәрри Потерді» ағылшын тілінде оқи бастағанын айтты.
Автор: Назерке Еркінбекқызы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық