Түркістандағы колледж жатақханасында дау шықты
Фото: Бейнеден кадр
Түркістан облысындағы колледж жатақханасында студент қыздарды жігіттердің бөлмесін тазалауға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желіде Түркістан облысы білім басқармасына қарасты көпсалалы индустриалды-техникалық колледж жатақханасында тұратын студент қыздарға жатақхана қызметкері тарапынан қысым жасалды деген видео тарады. Бейнежазбада қыздар студент жігіттердің бөлмесін тазалаудан бас тартып, жатақхана қызметкерлерімен дауласып жатқанын көруге болады.
Студенттердің айтуынша, оларды ер балалар тұратын бөлмелерді жинауға, еден жуып, дәретханаларды тазалауға мәжбүрлеген. Бас тартқан жағдайда жатақханадан шығару немесе жуынатын орынды пайдалануға шектеумен қорқытқанын айтады.
Ал Түркістан облысының білім басқармасы жағдайды түсінбеушілікпен байланыстырып, тексеру нәтижесі бойынша жауаптыларға құқықтық баға берілетінін айтты.
«Колледжде 1072 студент оқиды, оның 80-і жатақханада тұрады. 2026 жылғы 23–25 ақпанда өтетін облыстық спартакиадаға байланысты қатысушыларды уақытша орналастыру қажет болды. Осыған орай тәрбиеші мен вахта қызметкерлері бос бөлмелерді ретке келтіруге студенттерден ауызша көмек сұраған. Ер балалар уақытша болмағандықтан өтініш қыздарға айтылған. Соның салдарынан кейбір білім алушылар арасында түсінбеушілік туындады», — деп жауап берді білім басқарамасы.
Артынша, тексеріс қорытындысы бойынша жауапты тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті шешім қабылданады
«Тексеру қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Студенттермен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», — деп мәлімдеді комитет», — деп мәлімдеді комитет.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық