Түркістандағы әуежайда 71 жастағы Германия азаматшасы ұсталды
Фото: freepik.com
Түркістан қаласындағы әуежайда қос азаматтығы бар әйел анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
ІІМ-нің мәліметінше, Түркістан – Стамбұл бағытындағы әуе рейсіне тіркелу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған 71 жастағы Германия азаматшасы ұсталған.
Тексеру барысында ұсталған әйелден Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының қос азаматтығы анықталды. Көлік полицейлері оған қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырып, материалды сотқа жолдады.
Түркістан облысының мамандандырылған әкімшілік соты оны кінәлі деп танып, 140 АЕК (516 880 теңге) айыппұл салды.
Жаңалықтар
- Интернет-алаяқтыққа қарсы конституциялық кепілдік қажет — Жақып Асанов
- Құрылтай: депутаттарға қойылатын талаптар қандай болады
- Ата заңға Халық Кеңесіне арналған жеке бөлім енгізу ұсынылды
- Еліміздегі жаңа лауазым: вице-президенттің өкілеттіктер ауқымы айқындалады
- Прокурорлар мен тергеушілер адвокаттық лицензия алу үшін аттестациядан өтеді
- Эльвира Азимова: Конституциялық комиссия алдында айрықша миссия тұр
- Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына күдікті кеден қызметкері Испаниядан Қазақстанға экстрадицияланды
- Ұлттық банк төрағасы: «Бәйтерек» несиелерінен инфляция өршімейді
- Талдықорғанда Қытай туы мен Си Цзиньпиннің портретін өртегендердің соты басталды
- Испаниядағы теміржол апаттарынан бес күнде 40-тан астам адам қаза тапты
- Түркістанда дәрігерлер 8 айлық сәбидің денесінен ине тапты
- Медициналық сақтандыруға қатысты даудан кейін қорды Гүлмира Сәбденбек басқаратын болды
- Қатты аязға байланысты Астанадан шығатын бес республикалық тасжол жабылды
- Абу-Дабиде Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер басталды
- Серік Сәпиев өзінің орынбасарымен болған жанжалға қатысты пікір білдірді
- Кәмелет жасқа толмаған қыз қаза тапты: Ұлынан айырылған ана әділдік іздеуде
- Мас кезінде көлік айдаған судья жұмысынан босатылды
- «Шымкенттегі бойжеткеннің қазасы»: Нұрайдың өліміне қатысты жаңа баппен іс қозғалды
- Балқаш ЖЭО-сы экологиялық заңбұзушылықтар үшін 21 млн теңгеге жуық айыппұл төледі
- Қарағандыда Серік Сәпиев өз орынбасарымен төбелесіп қалды