Түркістанда шіркей қаптап, тұрғындар улы жәндікке таланып жатыр
Фото: Orda.kz
Үш жылдан бері елдің жағасын ұстатқан мәселе биыл да өршіді. Үйден шығудан қалдық деген отырарлықтар дернәсіл кесірінен денесін жара басқанын да жасырмайды. Былтыр шіркейді жою үшін бюджеттен 655 млн теңге бөлінсе, биыл 1,5 млрд теңге қаралған екен. Бірақ одан келіп-кеткен пайда болмай жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Балтакөл ауылының тұрғындары қазір көшеге шығудан қалған. Өйткені күн жылығаны сол екен аумақта шіркей қаптап, дәретханаға барудың өзі мұң дейді халық. Таңғы сағат жетіден бастап шығатын жәндік тек жел соққанда көрінбей кетеді. Оған тіпті әкімдік өкілдерінің шашқан уы да дарымай жатыр екен.

«Сиыр саусақ та шіркей тыныштық бермейді. Сосын басымызға тор киіп алдық. Жұмысқа барғанда шөп шабайын десек, шіркей деген сұмдық. Бетіміздің бәрін шағып, өлтіріп бара жатыр. Шаққан жері ашиды» — дейді Түркістан облысының тұрғыны Зылиха Ыдырысова.
Қаптаған шіркейден тұрғындар қолдан келгенше қорғанып әлек. Бірі бетін ескі киіммен матап шықса, бірі қабаттап дәке орап жүреді. Бірақ одан көзді ашып жүру де мүмкін емес. Жайлаған жәндік денені шағып, ауруханаға түсіп жатқандар да аз болмай тұр.
«Бала-шағамыз далада ойнағанды қойды. Таңның атысы күннің батысы үйде қамауда. Жылда дәрілеп жатады. Бірақ, дәріден ешқандай нәтиже жоқ. Қазір бір апта болды дәрілеп жатыр. Қайта дәрілеген сайын көбейіп бара жатқан сияқты. Олар дәрі шашып жатыр ма, жоқ әлде шіркейдің тұқымын әкеп шашып жатыр ма білмейміз. Өлгенде шыбын-шіркей жейді дейтін еді. Қазір тірідей шыбын-шіркей жеп жатыр бізді» — дейді Балқыз Медетбекова.
Күн жылығанда қуанғаннан бұрын әуреге түсетін бір ғана Отырар ауданының тұрғындары емес. Одан бөлек Шардара, Арыс сияқты 8 аймақтың азаматтары бар. Ол аумақтың бәрін дәрілеу үшін былтыр бюджеттен 655 млн теңге бөлінген. Биыл қаралған қаражат бұдан екі есе артық - 1,5 млрд теңге. Бұл да зиянкестің көзін жоюға жеткіліксіз сыңайлы.
«Дернәсілдерді жою 100 пайыз мүмкін емес. Біз тек санын азайту бойынша жұмыс істеп жатырмыз қазір. 100 пайыз жойылады деп ешкім кепілдік бере алмайды қазір. Қазіргі таңда шіркейлер шығып жатыр. Сәл азаяды деген үміттеміз», — дейді мердігер, компания директоры Тағабек Қалшораев.
Айта кетейік, Түркістан облысында шіркейдің қаптауы Көксарай су қоймасы салынғалы пайда болды. Үш жылдан бері қайталанып келе жатқан мәселе дәл күн жылығанда басталып, қыс мезгілі жақындағанда бір-ақ тыйылады.
Автор: Назерке Еркінбекқызы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық