Түркістанда ер адам бұрынғы сүйіктісіне сыйлаған 1,4 млн теңгесін өндіріп алмақ
Фото: Freepik
Түркістан облысында ер адам бұрынғы 1 миллион 400 мың теңге ақшалай берген сыйлығын айрылысқаннан кейін сүйіктісінен қайтарып алу үшін сотқа берген.
Бұл туралы заңгер Қайыржан Балғабеков TikTok парақшасында жариялайды.
Айтуынша, 2 жыл қарым-қатынаста болған түркістандық жұп бүгінде соттасып жатыр.
«Қыздар, Kaspi Gold арқылы жігіттеріңнен ақшалай сыйлық алмаңдар. Қазір, Келес аудандық сотында бір іс қаралып жатыр. Жігіт қызына Kaspi Gold-қа ақшалай сыйлық жіберген. 5 мың... 10 мың... 20 мың теңге. 2 жылдың ішінде 1 миллион 400 мың теңге болыпты. Кейін ол қыз жігітпен жүргісі келмей, екеуі айрылысады. Бірақ уақыт өте жігіт мынаған қандай «опасыздық» жасаймын деп ойлайды. Қызды сотқа берді. Қазір іс қаралып жатыр»,- деді заңгер.
Қыздарды қарым-қатынаста аса сақ болуға шақырған заңгер, дәлел мен дәйек жинай жүруге үндеді.
«Сол себепті жігіттен сыйлық алатын болсаңдар не үшін алғандарыңды жаздырып алыңдар. Немесе жазылған хабарламаларды сақтап қойыңдар. Тағы бір жолы ақшаны қолма-қол алу. Сол кезде жігіт ештеңе істей алмайды. Абай болыңдар. Сақ болыңдар»,- деп түйіндеді ол.
Сонымен қатар, заңгер қыздар осы аталған шарттарды орындамаса заңды түрде жазаланатынын ескертті.
953-бап 1-бөлігі (Негiзсiз байлықты қайтару мiндетi). Заңмен немесе мәмiлемен белгiленген негiздерсiз мүлiктi басқа тұлғаның (жәбiрленушiнiң) есебiнен иеленiп алған немесе жинаған тұлға (сатып алушы), осы Кодекстің 960-бабында көзделген жағдайлардан басқа ретте, негiзсiз иеленiп алынған немесе жинақталған мүлiктi (негiзсiз баю) алдыңғысына қайтаруға мiндетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық