Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген ананың психикалық ауытқуы бар-жоғы анықталды
Фото: Ашық дереккөзден
Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген ананың психикалық ауытқуы бар-жоғы айтылды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы – Ақмарал Серікбаева жауап берді.
«Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, министрлік тарапынан қатаң бақылауға алынды. Заңға сәйкес, қылмыстық іс бойынша мәліметтер әзірше құпия, айтуға болмайды. Бұл отбасында бұрын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың болған-болмағаны қылмыстық істі тергеу аясында тексеріліп, анықталатын болады. Бір айта кетерлік жайт, аталған отбасынан Қызылорда және Түркістан облыстарында тұрғанда ішкі істер органдарына ешқандай шағым түспеген. Бірақ, әйелдер отбасында зорлық-зомбылыққа көніп, арыз бермей жүруі де мүмкін. Сондықтан оның бәрі қылмыстық істі тергеу барысында тексеріліп, қорытындысы шығарылады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел барысында.
Серікбаеваның айтуы бойынша, қылмыстық істерді тергеу барысында мұндай жайттардың бәрі соңына дейін тыңғылықты қаралады.
«Мұндай қылмыстық істердің қорытындысында көбіне отбасылық қиыншылықтардың себеп болғаны анықталады. Сонымен қатар қылмысты жасаған адам мінезінің психикалық ауытқулары да себеп болады», - деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық