Түркістанда 5 баласы бар мұғалім оқушысына жыныстық емеурін танытқаны үшін сотталды
Фото: Envato
Түркістан облысында оқушысына жыныстық емеурін көрсеткен 38 жастағы дене шынықтыру мұғаліміне үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу мәліметінше, ер адам сегізінші сынып оқушысын айдалаға апарып, оны қорламақ болған. Қыз қашып үлгерген.
Оқушы қыз болған оқиғаны туыстарына айтып берген. Жәбірленуші тарап полицияға жүгінді.
Жасөспірімнің анасы Orda.kz тілшілерімен сөйлескенде мұғалімдер бұл оқиғаны жасырғысы келетінін айтқан еді.
Сотта мұғалім кінәні мойындамады. Алайда тергеу мәліметтері бойынша ер адамның кінәсі толық дәлелденді.
«Ол қызды кездесуге өзі шақырды. Біз барлық қоңырауларды зерттедік. Сонымен қатар ер адам қызды құшақтап, денесіне қол тигізіп, басқа да әдепсіз әрекеттер жасаған», — деді Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ғани Құлдасов.
Сот ер адамды кінәлі деп тауып, оны 12 жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, оған білім беру саласында жұмыс істеуге біржола тыйым салынды. Сотталушы — бес баланың әкесі. Мектепте 16 жыл жұмыс істеген. Соттың соңғы отырысына оның туыстары да, отбасы да келмеді.
Айта кетейік, Қызылордада мүмкіндігі шектеулі баланы қорлап, аяғын күйдіргендер ұсталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық