Түркістанда 1,5 жасар баланы жұлқылаған тәрбиеші өз еркімен жұмыстан кетті
1,5 жастағы баланың анасы балабақшадағы бейнебақылау камерасын қарап, кейін құзырлы органдарға шағымданған. Болған оқиға бойыша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Orda.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
"Полиция Түркістан балабақшасындағы баланы ұру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Анасының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталып жатыр" деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков.
Облыстық білім басқармасы тәрбиешінің көмекшісі өз өтініші негізінде жұмыстан босатылғанын мәлімдеді.
"Аталған мәселені Түркістан облысының білім басқармасы назарға алды. Оқиға Түркістандағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған. Қазіргі таңда аталған іс бойынша құзырлы органдар жұмыс істеп жатыр. Тәрбиешінің көмекшісі өз еркімен жұмыстан босатылды", – деді Түркістан қаласы білім бөлімінің бас маманы Жансая Орынбасарова.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде балабақша қызметкерінің баланы аяусыз жұлқылаған видеосы тараған еді. Оқиға 21 ақпан күні Түркістандағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық