Түркістанда 12 жастағы оқушыны сыныптасы буындырып өлтірді
Фото: Orda.kz
Түркістан облысында 12 жастағы оқушыны сабақ кезінде сыныптасы буындырып өлтіріп қойды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайтыс болған Ұлағат Сайдулланың анасының сөзінше қайғылы жағдай мектепте, сабақ үстінде болған. Қараусыз қалған окушылар телефонға таласып, соңында бірі екіншісін қылқындырған. Шарасыз күйге түскен баланы әуелі сыныптастары су шашып құтқармақ болған. Бірақ, мұғалімдер жетемін дегенше Ұлағат жан тапсырған.
Кайғыдан қан жұтқан Гүлмира Кенжеева кенжесін үш ай бұрын жер қойнына тапсырды. 7 ақпанда ұлын сабаққа алаңсыз жіберген оны бірер сағаттан кейін мұғалімдер шақырып алған екен. Келгенде әйел сынып ішінде қимылсыз жатқан ұлын көреді. Сөйтіп, перзентін ауруханаға алып барыпты. Алайда, 12 жастағы Ұлағаттың демі мектепте үзілген екен.

«Қасындағы бала телефон алып барған. Бұл ала қашқан. Артынан қуып келген де, партада отырған кезде буындырған ғой. Ұзақ буындырып ұстап тұрған. Кейін бала жерге кұлағанда ешкім келмеген. Мұғалім сабақта болмаған. Оқушылар жүгіріп барып, ешкімді шақырып келмеген. Өздері сол жерде су шашып білгендерін істей берген», — деді анасы Гүлмира Көшеева.
Мектеп директорының орынбасары болып жұмыс істейтін пән мұғалімі оқушылардың қасында емес өз кабинетінде отырған дейді анасы. Сынып жетекшісі мектепте болмаған. Әйел кезекші мұғалімнің айғай-шуды көре тұра есікті тарс жауып кеткеніне ашынады.
«Есікті ашып қараса, ішінде балалар: «Айна апай, Ұлағат құлап қалды, талып қалды» деген екен. Ол болса есікті қайта жауып кеткен ғой. Сол уақытта кірсе, мұндай жағдай болмас еді. Мұғалімдердің маған айтпаған сөзі қалмады. «Баланың жүрегі ауру, анау-мынау, эпилепсия» деп те айтты. Кейін медицина сарапшысының қағазы шықты. Баланың дені сау. Тап-таза еш жерінде ешқандай ауру жоқ деп шықты. Өлім буындырғаннан болған. Қатты буындырған кезде тілін жұтып қойған деген шешім шығарды», — деді анасы
Сөйтіп, директордан бастап, оның орынбасары мен тағы 4 мұғалім жұмыстан қуылды.
Бірақ, көп ұзамай қызметтеріне оралу үшін еңбек инпекциясына арыз қалдырған.
«Еңбекті қорғау инспекциясы сондай нұсқау берген. Соның зандылығын анықтау бойынша білім бөліміне нұсқау жібергенбіз. Нұсқау бойынша бұйрықтағы баптар дұрыс қойылмаған. Одан кейін жаңағыдай ұсыныстарын жазып кеткен», — деді мектеп директоры Өмірсерік Кенжеев.

Оқиға бойынша Түркістан облысының полиция департаменті әзірге жауап бермеді. Қазір сыныптасының өліміне себепкер болған оқушының ата-анасына айыппұл салынғаны белгілі.
Ұлағат Сайдулла 1 сыныптан бері беспен оқыр келе жатқан озат оқушы екен. Бес баланың кенжесі 4 жасында әкесінен айрылыпты.
Автор: Назерке Еркінбекқызы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық