Түркістан облысының ҰҚК қызметкерлері Назарбаевты қорғауды доғарады
Фото: Orda.kz
«Ашық НҚА» порталында Түркістан облысы бойынша ҰҚК департаменті ережесіне өзгерістер енгізетін бұйрық жобасы пайда болды. Онда ереженің Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы бөлігіне өзгерістер енгізілгені жазылған, деп хабарлады Orda.kz.
Енді өңірдегі ҰҚК қызметкерлері «басқа қорғалатын тұлғалардың» қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Бұйрық мәтініне зер салсақ, Қызметкерлер енді ресми қызметке тағайындалатын тұлғалар жайлы толығырақ ақпарат іздеп, тексеріп, есептерін жүргізіп, әскери қызмет атқара алады.
Еске сала кетсек, Жоғарғы сот астаналық Қайыргелді Смағұловтың бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты мемлекеттің пайдасына активтер мен мүліктерді өндіріп алу туралы талап-арызын құптаудан бас тартқан болатын.
Смағұлов өз талаптарында Назарбаевтың президенттік қызметі кезінде адамзаттың қауіпсіздігіне қатер төндірді деген себеппен дүние-мүлкін тәркілеу туралы арыз жазды.
Алайда «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» заңның 36-бабына сәйкес, экс-президент өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында жасаған әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылмайды, тек мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда ғана жауап береді делінген.
Жаңалықтар
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді