Түркістан облысының 21 жастағы тұрғыны желі қолданушыларын сан соқтырды
Фото: freepik.com
Түркістан облысының тұрғыны әлеуметтік желі қолданушыларын тақырға отырғызды, деп хабарлайды Orda.Kz.
Тергеу барысында анықталғандай, 21 жастағы күдікті инстаграм платформасын өзінің заңсыз әрекеттерін жүзеге асыру үшін қолданған. Ол әлеуметтік желіде жалған парақша ашып, несие өтінімдерін «кепілдендірілген» түрде мақұлдау, сондай-ақ несие тарихын жақсарту қызметтерін ұсынған.
Қаржылық қиындықтарға тап болған азаматтарды несие тарихына қарамастан қаржы алуға мүмкіндігі барын айтып, алдаған. Күдікті қызметі үшін әртүрлі сомада ақша аударуды талап еткен. Ақшаны алғаннан кейін жәбірленушілермен барлық байланысты үзіп, ізін суытқан.
Алаяқтың арбауына түскен 16 азамат еліміздің әр аймағынан болғандықтан, оның ізіне түсіп, ұстау полицейлерге айтарлықтай қиындық туғызған. Күдікті Түркістан облысынан табылды. Қазіргі уақытта оның 16 алаяқтық қылмысқа қатысы бары дәлелденді. Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі шамамен 1 миллион теңге болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық