Түркістан облысында жалған имам балаларды соққыға жықты
Сарыағашта 39 жастағы жергілікті тұрғын үйінде медресе ұйымдастырып, балаларға діни ілім үйреткен.
«Мекемеде» кем дегенде 19 бала оқиды. Олардың ата-аналары бала оқытуды жалған діндарға сеніп тапсырған. Ер адам дін сабағын айына 20 мың теңгеге бағалаған.
Бірақ мұғалім нашар үлгерген шәкірттерін ұрып-соғады. Ұзақ уақыт бойы балалар ата-аналарына шындықты айтпаған. Шәкірттердің бірінің айтуынша, оны сабаққа үлгермегені үшін күнделікті соққыға жыққан. Баланың арқасы мен бөксесінде соққы іздері болған.
Жалған имамның өзі ашуланғандықтан балаларды ұрып-соққанын, кейде өзін-өзі ұстай алмай қалғанын мойындады.
«Мен кейде ашуланамын. Олардың бөкселерінен таяқпен ұрдым»,- деп мойындады ол камераға.
Ер адамның тиісті органдардан оқу-ағарту жұмыстарын жүргізуге рұқсаты болмағандықтан, медресе заңсыз жұмыс істеп тұрғаны белгілі болды.
«Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметі бойынша, ер адамның діни білімі және ҚМДБ мен білім басқармасынан сабақ өткізуге рұқсаты болмаған» деп хабарлады экстремизмге қарсы күрес департаменті.
Осындай үйдегі медреселерде балаларға физикалық зорлық көрсету жиі болып тұрады. Психология ғылымдарының кандидаты, Түркістан облысының бұрынғы балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Гүлжан Вероцкаяның айтуынша, діни оқу орындары студенттерін тестілеу кейбіреулерінің физикалық қана емес, жыныстық зорлық-зомбылыққа да ұшырағанын көрсетті.
«Бұл жабық мекеме, оған барлығы бірдей кіре бермейді, тексеру жүргізілмейді. Өтініш бойынша ғана, және бірнеше ата-аналар мәлімдесе ғана тексеріледі. Балаларды мұндай мекемелерге жіберген кезде олардың білім беру қызметіне лицензиясы бар-жоғын тексеру керек. Біз кездескен әлгі медреселерде ондай құжаттар болмаған, ешкім тексермеген, ешкім білмеген. Тұрмыстық жағдайлар мен ішкі тәртіпке назар аудару керек. Олардың өздерінің жазалау жүйесі бар, егер ол физикалық жазаны қамтыса, баланы ол жаққа жібермеу үшін бәрін жасау керек. Сонымен қатар, балалар осы мінез-құлықты қабылдайды. Осындай медреселердің үлкен шәкірттерінің кіші балаларды қалай ұрып-соққанын, не қорлағанын көрдік»,- деді Гүлжан Вероцкая.
Полицейлер ата-аналардан жалған дін қызметкеріне қатысты ешқандай мәлімдеме алмағанын атап өтті.
Жаңалықтар
- Атырауда «жасыл белдеуді» құрылыс салу үшін берген ауыл әкімі қызметінен кетті
- Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, Australian Open-2026 жүлдесін иеленді
- Конституцияның жаңа жобасында экс-президенттердің өміріне қолсұғылмаушылық сақталған
- Теңіздегі мұнай өндіру қайта жанданып, қалыпты жұмыс басталды
- «Ұлттық қор – балаларға» қаражаты инвестиция арқылы өсе береді
- Прокуратура қыздар университетінің ғимаратын өзіне қайтарды
- 600 миллион теңгеге жөнделген Шнайдер көпірінің қирауы: ШҚО әкімі пікір білдірді
- ЕЭК Кеңесінің алғашқы отырысында Қазақстан өз басымдықтарын айқындады
- Ұлттық банк валюталық реттеу қағидаларына ауқымды түзетулер ұсынды
- Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды
- Құлсарыда жеті жасар қызды азаптап өлтірген қылмыскер өмір бойына қатаң режимдегі түрмеге тоғытылды
- Қаржы министрлігі: жасанды зерде тендердегі ұрлыққа жол бермейді
- Қазақтелеком қажеттілігіне миллиардтаған юань қарыз алды
- «Дамытудың» ақыры – дау: Алматыда 300 отбасы үйірме ақшасын қайтара алмай отыр
- Ақтөбе облысында келінін зорлаған қайын ата 8 жылға сотталды
- «Әр бал үшін 7 мың теңге»: Ақтөбеде оқушыларға «ҰБТ-ны оңтайластырған» мұғалім сотталды
- Жаңа конституцияның жобасы таныстырылды
- Ұлыбританияда терроризм үшін сотталған исламист жергілікті сайлауға түспек
- Шымкентте ер адам бейтаныс әйелді «түрі ұнамағаны» үшін пышақтап өлтірді
- 89 жастағы зейнеткер туыстарын ұрғаны үшін істі болды