Түркістан облысында уран өндірісі болуы мүмкін
Фото: Pixabay
Түркістан облысының Созақ ауданындағы Инкай-Мыңқұдық учаскесінде уран кен орны табылуы мүмкін, осыған орай барлау-зерттеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды Orda.kz.
Kazatomprom-ның мәліметінше, барлау жұмыстарына арналған лицензия 5 жылға ұзарту мүмкіндігімен 6 жыл мерзімге берілді.
«Инкай-Мыңқұдық учаскесін барлау минералды-шикізат базасын кеңейту және тиімді пайдалану бойынша бекітілген стратегияның маңызды бөлігі. Сондай-ақ компанияның тұрақты өсуінің кезекті көрсеткіші. Учаскенің әлеуеті зор, оны ұзақ мерзім пайдалануға болады. Біз уран кен орындарын іздеу және барлау саласындағы жұмысымыз әлемдік уран нарығындағы көшбасшылығымызды нығайтатын елеулі нәтижелерге жетеміз деп сенеміз», – деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мейіржан Жүсіпов.
Сондай-ақ компания Р1 және Р2 санаттары бойынша Инкай-Мыңқұдық учаскесінің болжамды ресурстары 20 мың тонна ураннан асатынын және жақын арада ресурстарды нақтылау және оларды С1 және С2 жоғары санаттарына ауыстыру үшін геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланып жатқанын, бұл учаскенің әлеуетін тиімді пайдалануға және компанияның ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларын табысты іске асыруға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық