Түркістан облысында тауда адасқан алты турист құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ бейнесінің скриншоты
Шымкент қаласының үш ер және үш әйел тұрғыны Түркістан облысының Бәйдібек ауданындағы Үлкен Тұра шыңын бағындыруға шыққан. Алайда көп ұзамай олармен байланыс үзіліп, жақындары құтқару қызметіне жүгінген, деп хабарлайды Orda.kz.
«Сырдария–Түркістан» мемлекеттік табиғи паркі аумағында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қиын тау жолдарымен бес шақырымға жуық жол жүріп, соның ішінде бір шақырымын тау өзенінің бойымен өткені хабарланды. Туристер түнгі уақытта табылды.
Белгілі болғандай, туристердің бірі - әйел адам аяғын сындырып алған. Осы себепті топ өз бетімен тік жартасты таудан төмен түсе алмаған.
Төтенше жағдайлар министрлігі тауға шығу — оңай емес әрі дайындықты қажет ететін шаруа екенін ескертеді. Мамандар арнайы дайындықсыз және байланыс құралынсыз жолға шықпауға кеңес береді.
Турист демекші, Каппадокияда шетелдік турист қыздың түріктердің туы тігілген тұғырға шығып, би билеген видеосы әлеуметтік желілерде таралып, жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызды. Турист қыз үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық