Түркістан облысында шенеуніктер жоқ жұмыссыздарды жұмысқа орналастырды
Түркістан облысына қарасты ауылдардың бірінде жұмыспен қамту орталығы мен әкімдік қызметкерлері облыстық прокуратурадан түскен мәлімет бойынша бюджет ақшасын жымқырған.
Олар іс жүзінде ешқандай қоғамдық жұмыс атқармаған жұмыссыздарды жұмысқа орналастырдық деп қаражат алды.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, Жетісай ауданындағы Атамекен ауылында шенеуніктер жұмыссыздарды жалған жұмысқа орналастырып, жастарды қоғамдық жұмыстарға тартып отырған. Тексере келе, 30-дан астам адам бір жерде білмей «жұмыс істеген» болып шықты. Сонымен қатар, шенеуніктер жақындарына «жұмыс берді». Осы схеманың арқасында мемлекеттік қызметкерлер 24 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған.
«Лауазымды тұлғалар жұмысқа қабылдау туралы заңсыз бұйрықтар шығарып, ай сайын «Қазпошта» АҚ және банктердегі есепшоттарына жалақыларын өз бетінше аударып отырған. Содан кейін бұл қаражатты басқалар ақшаға айналдырды. Орталық пен әкімдік қызметкерлері өздерінің туыстары мен таныстарын қоғамдық жұмыстарға тартқанын құжаттаған» деп хабарлады прокуратура.
Прокурорлық тергеу материалдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру үшін Антикорға жіберілді.
Бұған дейін Шымкентте жоқ балалар үшін төлемақы алып, бюджет ақшасын жымқырған екі жекеменшік балабақша меңгерушілерін Шымкент соты нақты жазаға кескен болатын.
Жаңалықтар
- Сарбаздар мен әскери қызметшілерге телефон қолдануға рұқсат берілді
- Маңғыстауда жауған нөсер мен дауылдан жүздеген жылқы қырылды, ұсақ мал да бар
- КХДР Жапон теңізі бағытына бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды — БАҚ
- Украина Назарбаевқа арналған барельефті алып тастамайтын болды
- Қазақстан премьер-лигасы матчында «Қайрат» өз алаңында «Каспийді» жеңді
- Киев көшесінде өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырған кісі алты адамды жер жастандырды
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты