Түркістан облысында полицейдің саусағын сындырып, үйіне алып кеткен әйел 3 жылға сотталды
Фото: Getty Images
Түркістан облысында Абай ауылында Қылмыстық кодексінің 380-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы бойынша іс қозғалды. Яғни, екі адамға күш көрсету немесе қорқыту айыбымен қылмыстық жауапкершілікке тартылған 43 жастағы автокөлік жүргізушісі А.-ның ісі бойынша сот отырысы өтті.
Бұл туралы Caravan.kz хабарлады.
Сот материалдарына сәйкес, 15 ақпан күні түстен кейін А. есімді әйел Абай ауылындағы сауда үйінің маңындағы жаяу жүргіншілер жолына көлігін тоқтатып қояды. Құқықтық тәртіпті қорғау мақсатында рейд жүргізген полиция подполковнигі өзін таныстырып, әйелге заңбұзушылықты ескертіп, көлікті алып кетуін сұрайды. Бұған әйел дөрекі жауап берді. Содан кейін тәртіп бұзушыға екінші полицей, аға лейтенант Ж. хаттама жаза бастайды.
Бірақ әйел бұған қарамастан қозғалтқышты іске қосып, оқиға орнынан қашпақ болыпты. Лейтенант болса көліктің алдында тұрып, оның жолын бөгейді. Осыған қарамастан әйел газды басып, полицейді бамперімен соқты. Ол көлік капотына құлап, капотқа жабысып ұстап қалды. Жол-патрульдік полиция қызметкерін көлігінің капотына жабыстырған күйі әйел 20 метрдей жүріп барып қана тоқтады.
Полицей қызметкері оқыс оқиға кезінде саусағын сындырып алды. Осыған қарамастан, ол хаттама толтырмақ болып, тәртіп бұзушының көлігіне отырды. Әйел болса қайтадан газды басып, полицейді үйіне алып кетті.
Сотта әйел өз кінәсін мойындап, өкініп, кешірім сұрады. Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, оны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық