Түркістан облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
Түркістан облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
«30 қазандағы сот үкімімен сотталушы «Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сот оны 20 жылға қауіпсіздігі орташа түзеу колониясында өтеуге үкім етті. Сондай-ақ оған өмір бойына педагогикалық қызметпен айналысу және кәмелетке толмағандармен жұмыс істемеу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды», - деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев.
Сотталушы 22 жаста, жәбірленуші қыз бес жаста. Зорлау факті алты ай бұрын болған.
БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, осы кезде әкесі аулада көлігін жөндеп жатқан, қызын үйіне жіберген. Кіре берісте жан түршігерлік оқиға болған. Бала сыртқа шығып, болған жағдайды отбасына айтады. Жергілікті тұрғындар полицияны күтпей, педофилді соққыға жықты. Олар оны тәртіп сақшылары келгенше ұстап, ұрып-соққан.
Сотталушы сол күні оған шайтан кіргенін айтып, өз кінәсін мойындады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық