Түркістан облысында ондаған зауыт- фабрикалар жұмыс істей бастайды
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Түркістан облысында 2030 жылға қарай 216,3 мың гектар жерге су үнемдеу технологиясын енгізу жоспарлануда.
Биыл мұндай технологиялар 22 мың гектарға енгізіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалу барысы туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баяндады.
Сауран ауданы Шаға ауылдық округіне қарасты индустриалды парк аумағында айналмалы және фронтальды жаңбырлатқыш машиналар өндірісі жолға қойылды. Бұл Қазақстанда суды үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану үшін су қабылдағыш машиналардың толық циклін шығаруға мүмкіндік беретін көп миллиард долларды құрайтын ірі инвестициялық жоба.
Сондай-ақ, жылына 50 мың гектар жерді технологиямен қамтамасыз ететін тамшылатып суару жүйесін шығаратын тағы екі зауыт ашылмақшы.
Отырар ауданында шетелдік инвестордың қолдауымен тамшылатып суару жүйесін шығаратын төртінші зауыт салынады. Инвестор тоқыма кластерін құру үшін аймаққа 440 миллион доллар инвестициялауға дайын. Нәтижесінде төрт мыңнан астам жұмыс орны ашылады.
Облыста 2024-2027 жылдар аралығында жалпы құны 2,2 трлн теңге болатын 145 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл өңір экономикасының дамуына тың серпін береді. Биылғы жылы 62 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, 24-і іске қосылды, ауқымды жобалар толық іске асырылса, 18 мың жаңа жұмыс орны ашылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық