Түркістан облысында оқушы қызды өлтірген екі жігіт сот алдында отыр
Облыстың мамандандырылған ауданаралық сотында Түркістан облысында 9-сынып оқушысын өлтіруге қатысты атышулы сот отырысы өтіп жатыр.
Бұл туралы марқұмның туыстары хабарлады.
Айыптылар арасында марқұм 15 жастағы Аружан Орынбай оқыған мектептің 11-сынып оқушысы мен оның сыбайласы, Төрткүл ауылының 19 жастағы тұрғыны отыр. Айуандықпен өлтірілген оқушы қыздың анасы қылмыскерлер жазадан құтылып кете алатынын айтады. Айтуларынша, олар ауқатты отбасының балалары және олардың ата-аналары жазаны жеңілдету үшін барын салады.
«Төлеп – бұрынғы әкімнің баласы, ал екінші күдікті – ауқатты отбасыдан. Ауыл тұрғындары қазірдің өзінде бес адвокат жалдадық дейді. Олар прокуратура мен судьяға пара берді деп болжаймыз. Жалғыз талабым – соттың әділ өтуі»,- дейді Аружан Орынбайдың анасы Динара Зілғараева.
Айуандық кісі өлтіру оқиғасы осы жылдың сәуір айында болған. Іс материалдарына сәйкес, сотталушылар Аружанға ұқсайтын жартылай жалаңаш қыздың суретін тауып алып, бопсалауға бел буған. Тергеу барысында кісі өлтірді деген күдіктілер ашық суреттің ғаламторда жарияланбауы үшін қомақты сома талап еткендерін мойындады. Бірақ соңғы кездесуде түн ортасы кезінде айыпталушы мен жәбірленушінің арасында жанжал шыққан. Салдарынан қыздың кеуде тұсына екі рет пышақ сұғып, кейін денесін каналға лақтырып жіберген. Мәйіттің денесі оқиға орнынан екі шақырым жерде табылды.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді