Түркістан облысында мал шаруашылығының халықаралық көрмесі өтті
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Түркістанда қойлардың етті және құйрықты түрлерінің V халықаралық көрмесі өтті. Turkistan show arena-да өткен көрмеге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ингушетия, Моңғолия, Молдова, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінің 200-ге жуық азаматы қатысты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысты. Ол шараны ұйымдастырушылар мен мал басын өсіріп отырған мамандарға алғыс айтып, оларға сәттілік тіледі.
«Қой шаруашылығы - қазақ халқының негізгі шаруашылығының бірі. Біздегі мал шаруашылығында жылқы мен қойға ерекше көңіл бөлінеді. Қазақ халқының қой бағудың, оларды көбейтудің және асыл тұқым өсірудің өз әдістері бар. Біздің облысымызда асыл тұқымды қой басының үлесі 13% немесе 581 мыңнан астам мал басы бар. Өңірде асыл тұқымды қой өсіретін 850 агроқұрылым жұмыс істейді. Соңғы 10 жылда мал шаруашылығында санына емес, сапасына көбірек көңіл бөлінуде. Қазір мал өсіру, дәстүрлі мал бағу тәсілінен қазіргі заманғы түрлеріне көшу, шаруашылықтардың табысы мен әлеуетін арттыру мәселелері өзекті», - деді облыс әкімінің орынбасары, көрші мемлекеттермен өзара ынтымақтастықтың нығая түсетініне және жергілікті шаруалардың бірегей тәжірибе жинайтынына сенім білдіре отырып.
Алтаев сондай-ақ асыл тұқымды қой шаруашылығын одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.
Іс-шара шеңберінде қойлар үшін салмақ пен бойының биіктігі, сондай-ақ сыртқы түрлері бойынша конкурс өтті.
Жеңімпаздар 45 номинация бойынша анықталды. Қазылар алқасының шешімімен жеңіске жеткендерге мотоцикл, теледидар, тоңазытқыш және де басқа жүлделер табыс етілді. Жалпы жүлде қоры 30 мың доллар болды.
Көрмеге алғаш рет Гиннесстің рекордтар кітабына енгізілген «Байсары» асыл тұқымды қойы қойылды. Ол түр-тұрпатымен ерекшеленді. Аталған тұқымның ең ірі қошқарының салмағы 231келі.
Айта кетейік, Түркістан облысының мал шаруашылығы саласы елімізде көш бастап тұр. Өңірге республикадағы ірі қара мал басының 12% -ы (970,1 мың бас), қойлардың 23% -ы (4 135 мың), жылқылардың 11% -ы (430,7 мың), түйе 15% -ы (41 мың), сондай-ақ ет өнімі 12% -ы (245,8 мың тонна), сүттің 13% -ы (447 мың тонна) тиесілі.
Республикада экспортталатын ірі қара мал етінің 80% -ы және қой етінің 75% -ы Түркістан облысына тиесілі.
Жаңалықтар
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады
- ҚР СІМ серіктес елдерді КҚК-дағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырды
- 15 минуттық жаңбыр Астананы Венецияға айналдырды
- Прокурор Нұрай Серікбайға 35 рет пышақ салынғанын мәлімдеді
- 73 пайызы ауыр: Біздің шенеуніктер қандай қылмысқа құмар?
- Ақтөбеде жүргізушіге ескерту жасаған ер адамды ұрлап кеткен
- Бауыры екі жерден жарылған, қабырғалары сынған: Жігітінің қолынан қаза тапқан қыздың туыстары сұмдық оқиғаны айтып берді
- Яссауи іліміне қатысты XVII ғасырдың сирек қолжазбасы табылды