Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
Соққы сәті. Фото: ҚР ІІМ
Жол апаты бейнекамераға түсіп қалған екен. Ол жерден жолдан жүгіріп өтіп бара жатқан балақайдың көлік астында қалып кеткенін көруге болады. 2-сынып оқушысын қаққан қытайлық көлік тоқтамаған да, деп хабарлайды Orda.kz.
Көлік қайта жүйткіген күйде мектеп маңына барып, қоршауын бұзып өткен. Ол аздай айдалада отырған келесі оқушыға жетіп, оны да ұшырып жіберген дейді куәгерлер.
«Көлік алдымен үлкен қақпаға қарай бағыт алып, жанындағы қоршауды бұзып өтті. Біз ол кезде оқушыларды шығарып салып тұрғанбыз. Бәріне «қашыңдар» деп айғайлап тұрғанымызда, арғы шетте отырған қыз байқамай қалды. Сөйтіп, көлік шыршаны басып өтіп, соңында орындықта отырған оқушыны ұшырып жіберді. Абдырап тұрғанымызда көшенің басында тағы бір оқушымызды дәл осы көлік қағып кеткенін естідік», – дейді оқиға куәгері болған мектеп мұғалімі Ольга Магдалинова.
Көшесі тар мектеп маңында абырой болғанда біршама ата-ана тұрған екен. Жүгіріп келген олардың бірі көлік астында қалған 4-сынып оқушысына қараса, қалғаны жүргізушіге барған. Айналдырған 15 минутта екі оқушыны қаққан қыз көліктен оңайлықпен түсе қоймаған. Әуелі телефонға телмірген ол бірден талып қалды дейді куәгерлер.
«Көлік тоқтаған соң жүргізуші бірден шықпады. Телефонын қарап отырып, кейін талып қалды. Айналада жүрген ата-аналар жүгіріп келіп, даладағы орындыққа жатқызды. Оқушыға ештеңе болған жоқ. Орындықтың үстіне шыққан кезде артынан соғып, әрі қарай ұшырып жіберген. Астында қалып кеткен сияқты болған. Бірақ, шын мәнінде олай емес», – дейді оқиға куәгері болған мектеп күзетшісі Нұрбол Балғабаев.
Соққының қатты болғанына қарамастан балалардың екеуін де періште қақты дейді мұғалімдер. Аман қалған бастауыш сынып оқушыларының екеуі де ауруханаға жеткізіліп, беті бері қараған соң ата-аналары үйіне алып кетіпті. Әзірге олар сабаққа барып жүрген жоқ. Ал, жай отырған балаларды өлтіре жаздаған жүргізуші қыз қамауға алыныпты.
«Жүргізуші ұсталып, қамауға алынды. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерттеліп, куәлардан жауап алынып жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады», – дейді Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жол көлік апаты Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылында болған. Жұма күнгі кешкі сағат жетілерінде болған оқиғадан соң ата-аналар тіпті қорқып қалыпты. Олар қазір балаларын мектепке өздері алып келіп, алып кетуге көшкен. Полиция департаменті жүргізуші мүгедек деген ақпаратты жоққа шығарды. Ал, оның көлікті мас күйінде тізгіндегенін не растаған жоқ, не жоққа шығармады.
Авторы: Назерке Еркінбекқызы, Түркістан облысы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық