Түркістан облысында ауыл әкімінің орынбасары қызметкерге қол көтерді
Фото Orda.kz
Түркістан облысында ауыл әкімінің орынбасары қызметкері жұмысқа келмегені үшін әкімдік ғимаратында қол жұмсады, деп хабарлайды Orda.kz.
Артынша мәлім болғандай ауыл әкімінің орынбасары Қарабұлақ ауылдық округі әкімі міндетін уақытша атқарып жүрген екен.
Басшыныңқ қызметкерін мойнынан ұстап тұрған видеоны редакцияға жәбір көруші өзі жіберді. Бір қызығы, ол оқиғаның жай-жапсарын айтып беруге құлық танытпады. Түсініктеме алу үшін біз Сайрам ауданындағы әкімдікке жүгіндік.
«Оқиға Астановтың жұмыс орнында болмауынан туындады. Ол Сиқымбаевқа денсаулығына байланысты науқас қағазын ашқаны туралы хабарламапты. Бұл мәселені талқылау өзара кикілжіңге ұласты. Жанжалдан соң Қарабұлақ ауылдық округі әкімдігінде зерттеу жүргізу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Нәтиже бойынша шара қабылданады», деп түсіндірді аудан әкімдігі.
Сонымен қатар, әкімшілік жанжалдың шешілгенін хабарлады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер арасында бір-біріне деген ешқандай реніштің жоқтығын, дегенмен қызметтік тексеру жүргізілетінін айтты.
Жаңалықтар
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді