Түркістан облысында әскери қызметкердің мүгедек жігітті өлтіруі: тың деректер
Коллаж: Orda.kz
Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 19 жастағы 2-топтағы мүгедек жігітті 15 жерінен пышақтап өлтірді. Күдікті ретінде ауылдасы, әскери қызметкер қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Журналист Руслан Өтепбай арнайы Түркістан облысына барып, журналистік зерттеу жүргізіп қайтты. Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы қасақана адам өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті 2 айға қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Марқұмның ата-анасы қылмыскерлердің бәрі жазаланғанын қалайды. Олардың айтуынша, Мұрат есімді ұсталған жігіттің жанында тағы бір жігіт болған.
МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСТАРЫ НЕ ДЕЙДІ?
Марқұмның анасы Райхан Жамалованың айтуынша, ауыл жігіттері баласын көндіріп, атына несие рәсімдеген. Марқұм Жасұлан Әбдіманап 2-топтағы мүгедек. 2020 жылы Астанада миына ота жасатқан. Басында ісік болған. Ол ақпан айының тоғызы күні 19 жасқа толған.
Марқұмның туған ағасы Еркебұлан Жамалов інісін ақтық сапарға өзі жуындырып шығарып салды. Оның айтуынша Жасұланның денесінде соққы белгілері бар. Маңдайынан қатты затпен ұрған.
«Маңдайы ішіне қарай кіріп кеткен. Желке тұсында, құлағында үлкен жарақат болды. Нақты айта алмаймын немен ұрғанын. Денесінің алдыңғы жағына пышақты қайта-қайта тыққан. Нақты санайтын болсақ, 14-15 шақты. Ол жігіттерді сырттай танимын. Осы ауылдың балалары», - дейді Еркебұлан.
Марқұмның айдаладағы мәйітін алғаш қойшылар байқап, полицияға хабарласыпты. Кейін полиция Жасұланның нағашы ағасы Айдарбек Байжігітовке хабарласып, оқиға орнына келуін сұраған.
«Мен білетінімді ешкімге айтпадым. Нақты көз жеткізіп алайын деп, жүгіріп келдім. Туыстары Қызылжарда іздеп жүрді. Мен келсем, адамдар топырлап тұр екен. Жүрегім сезді. Енді адам екі күннен бері жоқ болса сезеді екенсің. Мен жиенімді түрінен танымадым. Киімінен ғана танып білдім. Кейін үлкен ағама айттым. «Қайта беріңдер үйге» дедім», - дейді марқұмның нағашысы.
ОҚИҒА БАРЫСЫ
Жасұлан туған күнінен 11 күннен кейін, яғни 20 ақпан күні анасынан моншаға баруға ақша алып, моншаға кетеді.
«Моншадан сағат 19:15-те шығып, үйге қарай емес, ауылдың төмен жағына қарай кетеді. Бейнекамерада бәрі көрініп тұр. Телефонмен сөйлесіп кетіп бара жатыр. Ұлымды өлтірген жігіттер тағы бір балаға несие алдырыпты. Кейін ол екеуіне «Самалға барып, несиелеріңді төлеп қайтамыз» деген. Бірақ Жанболат барудан бас тартады. Ал менің балам олармен кетеді», - дейді марқұмның анасы.
Ал көлікке мінбей, қалып кеткен Жанболат олармен баруға қорыққанын айтады. Күдікті жігіттер Жанболаттың атынан да өзінің рұқсатынсыз займ алған. Телефонын алдап алып қойып, несие рәсімдеген. Жанболат оны кешке бірақ біліпті. Күдікті Мұрат пен Диас Жанболатты да «Самалда ағаларымыз тұрады, солар займды жауып береді» деп алып кетпек болған.
«Самал деген шет аймақ болғанға қорықтым. Бірақ олар бірнеше сағаттаң соң қайта келді. Мен Жасұлан қайда деп сұрадым. Олар «Ұрып тастадық» деді. Телефонын лақтырып кеткенін айтты. Көлікте тағы екі қыз болды», - дейді Жанболат.
Анасы моншадан кешіккен баласын іздей бастаған. Жігіт телефонға жауап бермей, хабарсыз кетеді. Күйеуі оны жұбатып, балалармен жүрген болар дейді. Райхан Жамалова түнгі 3 шамасында оянып, ұлының үйге келмегенін көреді. Кейін таңды әрең атырып, отбасымен ұлын іздей бастайды. Сыныптасының біріне Жасұлан дыбыстық хабарлама жолдаған. Ол «Мұратпен займды төлеп қайтамыз. Сосын келемін» деген досына. Алайда Жасұлан сол күйі оралмады.
КҮДІКТІНІҢ ОТБАСЫ КІМДІ АЙЫПТАП ОТЫР?
Руслан Өтепбай Сарыағаш ауданы полиция басқармасының алдынан күдікке ілінген әскери қызметкердің әкесін көріп қалады. Күдіктінің ата-анасын тергеуші шақыртыпты. 23 жастағы жігіттің әкесі баласы кінәлі болса жазасын алсын деп отыр. Ол елдің бетіне қарай алмай қалғанын, ауылға аяқ басуға ұялып отырғанын жеткізді.
«Бәрін біліп отырмын балам. Құдай маған өлім берсе, қазір өліп кетуге дайынмын. Бізде түс көргендей болып отырмыз. Не жетпегенін білмеймін. Маған айтпайды. Маған да шындық керек. Не білсем бәрін айтып беремін. Есігімді тақылдатып, бір адам келмеді. Балаң займ алдырыпты деп. Олай болса әңгіме басқа болар еді», - дейді күдікті Мұраттың әкесі.
Алайда күдіктінің отбасы баласының өзі ғана күдікке ілінгеніне наразы. Олар қылмыс болған күні баласының жанында болған барлығы жазаланғанын қалайды. Әділдік орнағанын талап етіп отыр. Марқұмның отбасының діттегені де сол. Айтуларынша, қылмысқа қатысы бар Диас деген жігітті тергеп болғаннан кейін, үй қамаққа жіберген. Ал Жасұланның отбасы бұған наразылық танытты. Олар баласының өлімі үшін соңына дейін барамыз деп отыр.
Жаңалықтар
- Алматы облысындағы ойын бизнесінен бюджетке 25 млрд теңге түсті
- Қостанайдағы интернатта 14 жастағы бала көз жұмды: Қызметкерлер аптап ыстық пен кондиционердің жоқтығына шағымданды
- Алматы көшелерінде автобустар не үшін қаңтарылып тұр?
- Тәжікстанда қара хиджабқа тыйым салынып, сақалдыларға бақылау күшейді
- Іздеуде болған мерзімді әскери қызметші ұсталды: Ол әскери полицияға не айтты?
- Жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныс аударғандарға 7 миллион теңгеге дейін төленеді
- Алматы маңында жер сілкінді
- Сурхандарияда қызын қорлап, нәжіс жеуге мәжбүрлеген әкеге қылмыстық іс қозғалды
- Елімізде небәрі 240 адам тұратын ең аз ұлт қайсы?
- «Семей орманы» резерватындағы ірі өрт екі аптадан кейін толық сөндірілді
- Жарты жылда жеті адам қаза тапты: Жамбыл облысында өндірістегі жазатайым оқиғалар неге әлі де тоқтамай тұр?
- Футболдағы әлемдік жанжал: Трамп күйеу баласы арқылы додаға қол салды
- Жапониядағы күшті жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты, дүмпулер қайталануы мүмкін
- АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирактағы Иран қолдайтын террористік нысандарға соққы берді
- Трамп пен Зеленский Ақ үйде жабық кездесу өткізді
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты