Түркістан облысында әйел нәрестенің құлағынан алтын сырғасын шешіп алған
Түркістан облысы Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық қылмысын жасады деген күдікпен 29 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Күдікті әйел базарда екі баласымен және жол сөмкесімен такси іздеп жүрген әйелді көрген. Жәбірленушінің қолында екі жастағы қызы мен жол сөмкесі және 8 айлық сәбиі болған. Ол әйелге көмектеспек болып, сәбиді қолына алған. Яғни таксиге дейін шығарып салар тұста оған байқатпай нәрестенің құлағындағы сырғасын шешіп алған. Сырғаны ломбардқа өткізіп жіберген.
Тәртіп сақшылары күдіктінің қолды қылған сырғасын тауып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдікті әйелдің бұдан басқа да қылмысқа қатыстылығы тексеріліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық