Түркістан облысында 34 бала уланды
Фото: Pexels
Түркістан облысы Келес ауылындағы балабақшада 34 бала уланып, ауруханаға түсті.
Бұл туралы Inform.kz хабарлайды.
Балалар 24 маусымда таңғы астан кейін, шамамен сағат 11-де өздерін нашар сезінді. Балабақша қызметкерлері дәрігер мен медбике шақырды.
Редакцияның сауалына Түркістан облысының білім басқармасы былай деп жауап берді:
«Келес ауданының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі тексеріс жүргізді. Балаларға таңғы асқа берілген ботқа мен сүт сараптамаға жіберілді. Балалар қазір дәрігерлердің жіті бақылауында. Келес аудандық ішкі істер бөлімінде қылмыстық іс қозғалды», - дейді білім басқармасы.
Кейінірек Түркістан облысының әкімдігі балалардың қазір үйде екенін хабарлады.
«Балалар үйлеріне қайтарылды. Олар амбулаторлық бақылауда. Үшеуі жұқпалы аурулар бөлімінде емделіп жатыр. Жағдайы тұрақты. Таралу жолдары мен көздері зерттелуде» деп жауап берді басқарма.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық