Түркістан облысы Дезинфекция орталығының бас директоры сотталды
Фото: pexels
«Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы» ШЖҚ РМК филиалының бас директоры К. Төрегелдиевке және жеке компанияның басшысы Д. Озықбаевқа қатысты үкім шықты.
Бұл туралы Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот хабарлады.
Төрегелдиев пара беруге итермелеу және немқұрайлық танытқаны, ал Озықбаев пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.
«Төрегелдиев республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жүргізілген аудиторлық тексеру барысында лауазымды тұлғаларға пара беріп, Озықбаевтың 500 мың теңге ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені анықталды. Сондай-ақ, Төрегелдиев өз міндетін тиісінше орындамаған. Сол арқылы мемлекетке 2,2 млн теңге залал келтірді» делінген мәтінде.
Сот үкімімен Төрегелдиевке 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза, Озықбаевқа 7,5 млн теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Сонымен қатар аталған адамдар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды