Түркиядан келген «бір құшақ гүл»

cover Фото: Agropresskz

Түркия елінен әкелінген залалданған гүлдер партиясы жойылды.

Астана халықаралық әуежайында  өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектормен карантиндік фитосанитарлық бақылау жұмыстарын жүргізу барысында залалданған гүлдер табылды. Түркия елінен әкелінген 30 қорап, 15 000 дана қалампыр гүлдері партиясы батыс гүлді трипсі карантиндік нысанмен залалданғаны анықталды. Залалданған партияның бір бөлігі тәркіленіп, сот шешімі бойынша өртеу арқылы жойылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар